©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

لا إله إلا الله وحده لا شريك له، له الملك و له الحمد و هو على كل شيء قدير - Зул-хижжаның алғАШҚы он күнінің Ұлы артықшылықтары


لا إله إلا الله وحده لا شريك له، له الملك و له الحمد و هو على كل شيء قدير

/Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир/.

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр былай дейтін: “Бұл хадисте Арафа күнгі дұға басқа уақыттағы дұғадан жақсырақ екеніне нұсқау бар және осыда сондай-ақ Арафа басқа күндерден жақсырақ дегенге де нұсқау бар. Әрі осы хадисте Арафа күнгі дұғалардың барлығына немесе олардың көбіне жауап қайырылатынына нұсқау бар. Сондай-ақ осы хадисте Аллаһты зікір етудің ең жақсысы – «лә иләһа иллә-Ллаһ» екеніне нұсқау бар!” Қз.: “әт-Тамхид” 6/41-42.

Имам әл-Баджи былай деген: «Арафа күнгі дұға – ең жақсы зікір, ол үшін берілетін сый-сауап (басқалардан) көбірек, әрі ол қабыл болуға жақынырақ. Хадисте тек қажылық жасаушылар туралы айтылып тұрған болуы әбден ықтимал, өйткені дәл солар Арафа күні дұға етіп жалбарынады». Қз.: “Шарх «әл-Мууатта»” 1/358.

Алайда кейбір сәлафтар бұл артықшылық көбірек қажылық жасаушыларға қатысты болғанына қарамастан, тек олармен ғана шектелмейді деп есептеген және қажылық жасамайтындар да Арафа күні мешіттерде Аллаһқа дұға етіп жалбарынулары керек деп санаған. Бұл Ибн Аббастан, Амр ибн Хурайбадан, Хасан әл-Бәсриден, Сәбит әл-Бунаниден, Мухаммад ибн Уәси’адан және Яхья ибн Мә’иннен жеткізілген. Қз.: “әл-Муғни” 2/129.


10 ЗУЛ-ХИЖЖА – БҰЛ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ (САЛӘТУЛ-‘ИД) ОРЫНДАЛАТЫН КҮН


Умм ‘Атыйя былай баяндайтын: “Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естігенмін:

«Жас қыздар мен перде артында отырған

(бойжеткендер),

сондай-ақ

етеккірі келген әйелдер де, үйлерінен шығып, игі істерге және мүміндердің Аллаһқа өздерінің дұғаларымен жалбарынуларына қатыссын, алайда етеккірі келе бастағандары намаз орнынан шетте тұрсын

4

»

”. Әл-Бухари 324, Муслим 2/605.

Ибн ‘Аббас: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қыздары мен әйелдеріне екі айт намаздарына шығуды бұйыратын», - деп баяндаған. Ахмад 1/231, Ибн Абу Шайба 2/182. Хадис сахих. Қз.: “әс-Силсилә әс-Сахиха” 2115.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Біз, бұл туралы Абу Ханифа және басқа имамдар айтқандарындай, айт намазы әрбір (мұсылманға) жеке парыз (фардул-‘айн) болып табылады деген қорытындыға келдік. Әрі бұл имам Шәфи`идің де пікірлерінің бірі және имам Ахмад мазхабының да пікірлерінің бірі. Ал «Айт намазы фардул-кифая5» деген сөздерге келсек, олар ақиқат болудан алыс! Ақиқатында, ол Исламның ең ұлы рәсімдерінің бірі, әрі оған жұма күнінен де көбірек адам жиналады, онда тәкбір бекітілген. Ал ол фардул-кифая деген тұжырым дұрыс емес”. Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 23/161.

Айт намазының уақыты


Айт намазының уақыты күн көкжиектен найзаның биіктігіндей болып көтерілген уақыттан кіреді. Яғни намаз оқу сөгілетін уақыт өтісімен бірден (басталады). Әрі оның уақыты күн тас төбеге көтерілгенге, яғни бесін намазының уақыты кіргенге дейін жалғасады. Қз.: «‘Аунул-Мә’буд» 3/486, «Шәрхул-мумти’» 5/156.

Айт намазынан кейін бір-бірін құттықтауға рұқсат етілгендігі туралы

Жубайр ибн Нәфир: “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары айт күні бір-бірімен кездескенде, бір-біріне: «Аллаһ бізден де, сіздерден де қабыл етсін», - деп айтатын”, - деп бандайтын. Әт-Табарани 22/52. Хафиз Ибн Хәжар және имам әс-Суюты иснадын хасан деген. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 2/517.

تَقَبَّلَ اللهُ مِنَّا وَمِنْكُمْ

“Тақаббалә-Ллаһу минна уа минкум”.

Мухаммад ибн Зияд былай баяндайтын: “Мен Абу Умама әл-Бахилимен және басқа сахабалармен бірге болғанмын, олар айт намазынан қайтып бара жатып, бір-біріне: «Аллаһ біздерден де, сіздерден де қабыл етсін!», - дейтін”. Әл-Бәйһақи “Сунан әл-кубрада” 3/320. Имам Ахмад, хафиз әс-Суюты мен шейх әл-Әлбани иснадын хасан деген.

Адхам: “Біз екі Айт мерекесі күндерінде Умар ибн Абдул-Азизге: «Тақаббалә-Ллаһу минна уа минк, уа, мүміндердің әмірі!», - дейтінбіз, әрі ол тура солай жауап беретін және мұны сөкпейтін”, - деп баяндайтын. Әл-Бәйһақи. Қз.: имам әс-Суюты “әл-Хауи” 1/112.

‘Али ибн Сабит былай деп баяндайтын: “Бірде мен имам Мәликке адамдардың Айт күндерінде айтатын «Тақаббалә-Ллаһу минна уа минк» деген сөздері туралы сұрағанымда, ол: «Бұл іс бізде үнемі болатын, әрі мен бұда ешқандай жаман нәрсе көріп тұрған жоқпын!», - деп жайап берген”. Имам Ибн Хиббан “әс-Сиқат” 9/90.

Сондай-ақ имам Ахмадтың айт күнгі құттықтау туралы: «Сахабалар осылай істейтін әрі бұл туралы ғалымдар айтқан», - дейтін. Қз.: “әл-Инсаф” 5/381.

Құттықтаудың түріне қатысты сәлафтардан жеткен нұсқа (белгілі бір) бекітілген нұсқада, нақты айтқанда: «Тақаббалә-Ллаһу минна уа минк», - деп келуі бұл құттықтау түрін басқаға ауыстыруға болмайтындығын көрсетеді.

Ал кең таралған: «Куллю ‘ам уа әнтум би хайр», «Ид мубарак» т.с.с. құтықтауларға келер болсақ, мұндай құттықтаулар, бұл туралы шейх әл-Әлбани айтқандай, ешбір сахабадан және олардың ізбасарларынан (таби’ун) жетпеген әрі Исламда бұған негіз жоқ. Тыңдаңыз: “Силсиләтул-һуда уа-ннур” 52.


Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салынғандығы туралы

Абу Са’ид әл-Худри былай деп баяндаған: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға екі күнде: Ораза Айт пен Құрбан Айтта – ораза ұстауға тыйым салатын». Әл-Бухари 3/280, Муслим 2/577.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін:

«Мен сендерге Ораза және Құрбан айт күндерінде ораза ұстауға тыйым саламын»

. Абу Я’лә. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 2517.

Имам ән-Нәуауи және шейх Сыддық Хасан Хан былай деген: “Ораза және Құрбан Айт күндерінде ораза ұстау тыйым салынған болып табылатынына барлық ғалымдар бірауызды келіскен”. Қз.: “Шәрх «Сахих» Муслим” 8/15, “әр-Раудату-ннәдийя” 1/566.


Ораза және Құрбан Айтта орындалатын түнгі намаздар туралы


Кейбір мұсылмандар өте сауапты амал деп санайтын Құрбан және Ораза Айт түндерін намазбен өткізудің сенімді негізі жоқ. Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларынан мұның заңдылығына нұсқайтын сөзбен де, амалмен де жасалған бірде-бір сенімді нұсқау жоқ.

Ал айт түндерінде намаз оқудың артықшылығына нұсқайтын кейбір хадистерге келер болсақ, олар сенімді емес! Мысалы, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Кім Ораза және Құрбан айт түндерін намаз оқумен өткізсе, соның жүрегі жүректер өлетін күні өлмейді»,

- деп айтты деген хадис. Осы және осы сияқты хадисті Ибн Мәжаһ 1782, әт-Табарани 1/57 және әл-Бәйһақи 3/319 келтіреді. Бұл хадистің барлық нұсқалары сахих емес, олардың иснадтарында көптеген әлсіз және тәрк етілетін жеткізушілер бар. Олардың арасында ‘Умар ибн Харун, Ибраһим Мухаммад, Ибн әл-Уалид, Мараун ибн Салим. Осы себепті бұл хадистерді имам Ибн ‘Ади, имам ән-Нәуауи, шейхул-Ислам Ибн Таймия, хафиз Ибн Хәжар, хафиз әл-‘Ирақи, хафиз әл-Бусайри, имам әс-Суюты, шейх әл-Әлбани, сынды мухаддистер, сондай-ақ шейх Ибн Баз басқаратын Тұрақты Комитет (әл-Ләжна әд-даима) ғалымдары тәрк етті. Қз.: “әл-Кәмил” 5/372, “әз-Зауаид” 1/549, “әс-Силсилә әд-да’ифа уәл-мәуду’а” 521, 5163, “Фәтауа әл-Ләжна” № 11029.


10 ЗУЛ-ХИЖЖА – БҰЛ МЕРЕКЕЛІ ҚҰРБАН ШАЛУ (УДХИЯ) БАСТАЛАТЫН КҮН


Құрбан айт жылдың ең ұлы күндерінің бірі болып табылады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Аллаһтың алдындағы ең ұлы күн Құрбан айт күні, ал содан соң одан кейін келетін күн болып табылады!

6

»

Ахмад, Абу Дауд, әл-Хаким. Шейх әл-Әлбани және шейх Муқбил хадистің сахихтығын растаған. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 1064, “әл-Жәми’ әс-сахих” 2/328.

Аллаһ Тағала былай деген:

«Әрі Біз сендер үшін Аллаһ бұйырған рәсім ретінде

мал

құрбан шалуды

орнатты

қ.

Мүнда сендер үшін хайыр бар

»

(«Хаж» 22: 36).

Аса Құдіретті Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

«Раббың үшін намаз орында және (құрбан) шал»

(«әл-Кәусар» 108: 2).

Хасан әл-Бәсри бұл аяттың мағынасы туралы былай дейтін: «Раббың үшін мерекелі (Айт) намазын орында және құрбандыққа мал шал (Удхия)!» Қз.: “Тафсир әл-Қур`ан әл-‘Азиз” 5/168.

Мерекелі құрбан шалу, әсіресе, мүмкіндігі бар адам үшін, өте құпталатын және абзал ғибадат түрі болып табылады. Ибн Аббас былай деген: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинада он жыл болды, әрі сол жылдардың барысында Удхия жасайтын». Ахмад, әт-Тирмизи. Хадис хасан. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 13/65, “Тухфатул-ахуази” 5/96.

Хафиз Ибн Абдул-Барр былай деген: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бүкіл өмірі барысында Удхия жасайтын, әрі оның Удхияны бір рет болса да қалдырғаны белгісіз. Ол оны орындауға ынталандыратын, әрі молшылыққа ие мұсылман адам оны тастамауы қажет!” Қз.: “әл-Изтискар” 15/163.


Мерекелі құрбан шалу орындалатын уақыт


Удхияның қатаң белгіленген өз уақыты бар. Ол Құрбан Айт (10 зул-хижжа) күні айт намазы мен құтпасы оқылып болған соң басталады. Удхияны айт намазына дейін орындағанның құрбандығы жарамсыз болады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Біз сияқты намазды орындаған әрі біз сияқты құрбан шалған адам оны дұрыс орындаған болады, ал (егер) кім құрбанды айт намазына дейін шалса, онда бұл намазға дейін болды да, ол құрбан шалмады»

. Әл-Бухари 955.

Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: «Удхияны айт күні күн шыққанға дейін шалуға рұқсат етілмейтініне барша бірауызды келіскен!» Қз.: «әл-Ижма’» 78.

Егер мұсылмандар айт намазы оқылмайтын мемлекетте өмір сүрсе, онда олар күн шыққаннан шамамен бір сағаттан кейін Құрбан шала береді. Мұның себебі Құрбан шалу уақыты күннің көкжиектен найзаның бойындай биіктікке көтерілген сәттен (әд-Духа) басталатындығында, бірақ сондай-ақ осыған айт намазы мен одан кейін құтпаның оқылуын қосу керек, сонда барлығы қосылғанда бір сағатты құрайды. Қз.: “әл-Муфәссәл фи ахкам әл-Удхия” 153.

Құрбандыққа шалынатын малға қойылатын талаптар


Құрбандық малы белгілі жасқа толған болуы қажет. Жәбирден Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

«Тиісті жасына толмаған малды құрбан шалмаңдар. Егер бұл сендер үшін ауыр болса, онда алты ай толған қойларды шалуларыңа болады»

. Муслим 1963.

Имам ән-Нәуауи былай деген: «Бұл хадисте белгілі жасқа толмаған малды мерекелі Құрбандыққа шалуға рұқсат етілмейтініне нұсқау бар, бұдан тек қой ерекшеленеді». Қз.: “Шәрх «Сахих» Муслим” 5/101.

Ал құрбандық малдарының жастарына келер болсақ, онда түйенің ең аз жасы бестен басталады, сиыр-бұқаның жасы – екі жастан, ал қой-ешкінің жасы бір жастан басталады. Қз.: “әл-Мудаууана” 2/12, “әл-Мәбсут” 9/12, “әл-Муғни” 9/348, “әл-Хауи” 19/29.

Ал дәл қой мен қошқарға келер болсақ, онда шариғат оларға ерекшелік жасап, егер қой-қошқар ірі болса, онда бір жасқа толмағанын да шала беруге рұқсат етті. Қз.: “әл-Асар” 63.

Сондай-ақ құрбандық малы оны Құрбандыққа жарамсыз ететін ақау-кемістіктерсіз болуға тиіс. Әл-Бара ибн Азиб Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде былай дегенін баяндады деп жеткізіледі:

«Құрбандық ретінде төрт түрлі малды шалуға болмайды: ақауы айқын бір көзді малды; ауруы айқын ауру малды; ақсақтығы айқын ақсақ малды; және әлсіздігі айқын арық малды»

. Ахмад 4/284, Абу Дауд 2802, әт-Тирмизи 1/283. Абу ‘Иса әт-Тирмизи, Ибн Хиббан, әл-Хаким және әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

Хафиз Ибн ‘Абдул-Барр былай деген: “Осы төрт кемістіктер туралы барлық ғалымдар бірауызды келісімде, мен бұған қатысты ешқандай келіспеушіліктерді білмеймін. Сондай-ақ осындай мағынаға жататынның барлығы да осыған қатысты екені де белгілі. Егер бір көзді мал рұқсат етілмесе, онда соқыр мал тіпті рұқсат етілмейді. Әрі егер ақсақ мал рұқсат етілмесе, онда аяқсыз мал тіпті (рұқсат етілмейді). Мұның барлығы ап-айқын және белгілі, әрі бұған қатысты келіспеушіліктер жоқ”. Қз.: “Фәтх әл-Мәлик” 7/16.

Ал осы хадисте аталмаған, мысалы, құлақтың кесілгені немесе жұлып алынғаны, сынық мүйіз секілді т.с.с. кемістіктерге келер болсақ, олар малды (құрбандыққа) жарамсыз етпейді, алайда бұл құпталмайды. Ал піштірілген малға келер болсақ, онда бұл мүлде кемістік болып саналмайды, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбандыққа шалған қошқарлар піштірілген болатын.

ӘТ-ТӘШРИҚТІҢ ҮШ КҮНІ ТУРАЛЫ


Әт-Тәшриқтің үш күні – бұл зул-хижжа айының он бірінші, он екінші, он үшінші күндері. (Яғни) бұл Құрбан айттан соң жалғасатын үш күн.

Уқба ибн ‘Амирден Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Арафа күні, Құрбан айт күні және әт-Тәшриқтің үш күні – бұл біздің мереке күндеріміз, уа, мұсылмандар!»

, - дегені жеткізіледі. Абу Дауд 2419, әт-Тирмизи 773, ән-Нәсаи 5/252. Абу ‘Иса әт-Тирмизи, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан, әл-Хаким, әз-Зәһаби және әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

Имам әш-Шәукани былай деген: «Бұл хадисте Арафа күні, сондай-ақ әт-Тәшриқтің үш күні мереке (Айт) екеніне дәлел бар». Қз.: “Нәйлюл-аутар” 2/284.

Әт-Тәшриқтің үш күні сондай-ақ құрбан (Удхия) шалуға болатын күндер болып табылады. Жубайр ибн Мут‘имнен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Әт-Тәшриқтің барлық күндері – Құрбан шалатын күндер!»

, - деп айтқаны жеткізіледі. Ахмад 4/82, әд-Дарақутни 4/284. Имам Ибн Хиббан, хафиз әс-Суюты, имам әл-Мунауи, шейх әл-Әлбани, шейх Абдул-Қадир әл-Әрнаут пен Шу’айб әл-Әрнаут хадистің сахихтығын растаған. Қз.: “«Сахих» Ибн Хиббан” 9/166, “Фәйдул-Қадир” 5/35, «Сахих әл-жәми’» 4537, “Тахқиқ «Зад әл-мә’ад»”.

Сондай-ақ осы пікір Али мен Ибн Аббастан да жеткізіледі. Қз.: “Задул-Мә’ад” 2/291, “Нәйлюл-әутар” 5/142.

Имам әш-Шәфи’и былай дейтін: «Кім әт-Тәшриқтің соңғы күні күн батқаннан кейін құрбан шалған болса, оның Удхиясы жоқ!» Қз.: “әл-Умм” 2/223.


Әт-Тәшриқ күндері – бұл жеп-ішу және Аллаһ Тағаланы зікір ету күндері


Аллаһ Тағала былай деген:

«Аллаһты санаулы күндерде зікір етіңдер»

(«әл-Бақара», 2: 203).

Ибн ‘Аббас: “

«Санаулы күндер»

- бұл әт-Тәшриқтің үш күні”, - деген. Қз.: “«Сахих» әл-Бухари” 1/321.

Ка’б ибн Мәликтен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Әт-Тәшриқ күндері – бұл жеп-ішу және Аллаһты зікір ету күндері!»,

- деп айтқаны жеткізіледі. Муслим 1141.

Хафиз Ибн Ражаб былай деп жазған: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерінде мереке күндеріндегі ішіп-жеу Аллаһ Тағаланы зікір етуге және Оған бағынуға көмектесетін нәрсе екеніне нұсқау бар. Және осыда Аллаһ Тағалаға Оның берген нығметтері үшін шүкіршілік ету бар, әрі бұл бағынуға жақындататын нәрсе!» Қз.: “Ләтаифул-мә’ариф” 504.

Имам Ибн Хәжар әл-Хайтами былай деген: «Аллаһ Тағала қажылық жасаушыларға өздерінің шалған құрбандарының етін жеп, дем алулары үшін, Құрбан Айт күнінде және әт-Тәшриқтің үш күнінде Минада болуды бұйырды. Олар құрметті және кешірілген хәлде Аллаһ Тағаланың қонақтары болады. Әрі олармен бірге осыда бүкіл жер жүзінің тұрғындары қатысады, өйткені олар ораза ұстап және басқа да құлшылықтар жасап, қажылармен бірге зул-хижжаның он күнінің рәсімдеріне қатысады. Олар өздерінің құрбандыққа шалған малдарының қанын ағызуы арқылы Аллаһқа жақындауымен кешірімге лайық болады. Міне, осылайша, барлық мұсылмандар осы күндерде Аллаһ Тағаланың нәсіп еткенінен жеп, әрі Оның берген игіліктеріне шүкіршіліктерін білдіріп, Оның қонақтарына айналады!» Қз.: “Итхаф әһл әл-Исләм би хусусыят әс-сыям” 308.

Имам ән-Нәуауи былай деген: «Осы күндерде Аллаһты жиі зікір ету абзал болады, ал зікірдің ең жақсысы Құран оқу болып табылады». Қз.: “әл-Азкар” 241.

Бұл, әсіресе, осы күндері Мина алқабында болған қажыларға қатысты.

Әт-Тәшриқ күндерінде ораза ұстауға тыйым салынғандығы туралы


Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылық кезінде адамдарға:

«Бұл күндерде ораза ұстамаңдар, өйткені, ақиқатында, бұл жеп-ішу және Аллаһ Тағаланы зікір ету күндері!»,

- деп айту үшін шабарман жібергені жеткізіледі. Ахмад 10674, әл-Хаким 2/250, Абу Ну’айм 2/342/1. Шейх Ахмад Шакир мен шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

Бұл күні ораза ұстау тек қажылық кезінде құрбан шала алмаған қажыға ғана рұқсат етіледі. Ибн ‘Умар былай деген: «Әт-Тәшриқ күндерінде ораза ұстау құрбан шалу үшін мал таппағандардан өзге ешкімге рұқсат етілмейтін». Әл-Бухари 1998.


Әрі (сөзіміздің) соңында біз әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақ айтамыз!
Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескендердің барлығына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Әдебиет:

1.

«Тафсирул-Қуранил-’Азым»

Исма’ил Ибн Касир.

2.

«Фәтхул-Бәри би шарх «Сахих» әл-Бухари»

Ибн Хәжар әл-‘Асқаләни.

3.

«Әл-Муфхим лима әшкалә мин тәлхыс китаб Муслим»

Абул-‘Аббас әл-Қуртуби.

4.

«Шарх «Сахих» Муслим»

Яхъя ибн Шәраф ән-Нәуауи.

5.

«

Шарх «Сунан» ән-Нәсаи

»

Мухаммад ибн Адам әл-Атьюби.

6.

«Фәйдул-Қадир шарх "әл-Жәми’

әс-сағир"

»

‘Абдур-Рауф әл-Мунауи.

7.

«‘Аунуль-Ма’буд шарх «Сунан» Аби Дауд»

Шамсул-Хакқ ‘Азым Абади.

8.

«Силсиләтул-ахадис әс-сахиха»

Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.

9.

«Сахих әл-жәми’ әс-сағир»

Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.

10.

«Сахих әт-тарғиб уәт-тархиб»

Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.

11.

«Ируа әл-ғалил фи тахриж ахадис Мәнар сабил»

Мухаммад Насыруддин әл- Әлбани.

12.

«Ләтаифул-мә’ариф»

Зайнуддин Ибн Ражаб.

13.

«Задул-ма’ад фи хадьи хъайр әл-’ибад»

Ибн әл-Қайим әл-Жәузий.

14.

«

Итхаф әһл әл-Исләм би хусусыят әс-сыям»

Ибн Хәжар әл-Хайтами.

15.

«Субулю-с-Саләм шарх "Булюғ әл-марам"»

Мухаммад ибн Амир әс-Сан’ани.

16.

«Найлюл-аутар шарх Мунтақ әл-ахбар»

Мухаммад әш-Шәукани.

17.

«Зул-Хижжа уә айям әт-Тәшриқ ахкамуха уә адабуха»

‘Абдуллаһ ибн әл-Фаузан.

18.

«Итхаф әл-ахбар бизикр ма сабата фи фәдаил әл-мәнасик мин әл-асар»

Уалид ибн Сайф ән-Наср.
1 Хадисте сөз тоғыз күн туралы болуының себебі оныншы зул-хижжа – бұл ораза ұстауға тыйым салынған Құрбан Айт күні болғанында.

2

«

Аллаһ үшін зул-хижжа айының он күнінде орындалған игі амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ!

»

деген хадис туралы айтылуда. Әл-Бухари 2/162, Абу Дауд 2438, әт-Тирмизи 757.
3 Муздалифа алқабында орналасқан тау.

4 Сөз айт намазы орындалатын жерде басқа әйелдердің жанында тұруға тыйым салынғандығы туралы емес, намаздан тыйылу туралы болуда, бұған имам Муслимнің «

Алайда етеккірі келіп жатқандар намаз орындамасын

» деген риуаты нұқсайтындай. Муслим 2093. Сондай-ақ Ибн Ражабтың “Фатхул-Бари” 9/58 еңбегін қараңыз.

5 Фардул-кифая – мұсылмандардың бір тобы орындаса, қалғандарының мойындарынан түсетін міндеттілік.

6 Мұның себебі дәл осы екі күнде қажылықтың көптеген өте маңызды рәсімдері орындалатынында.

?


-----invata-sa-reciti.html

-----kiyamet-sresi-34--36-2.html

-----microsoft-word-imam-4.html

-----mxt-r-kinci-n-r-b-2.html

-----nicholas-georgescu.html